Акар: Террор біткен сайын халықтың әл-ауқаты да арта түседі

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Анкарада мәлімдеме жасады.

1990146
Акар: Террор біткен сайын халықтың әл-ауқаты да арта түседі

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар «Габарда  бұрын лаңкестер бар болатын, қазір мұнай қайдан шығады, қайда барады, дегенге жеттік. Бұл тақырыптағы жұмысымызды одан әрі жетілдіреміз. Террор біткен сайын халықтың әл-ауқаты да арта түседі» деді.

Министр Акар кеше бас қала Анкарада жасаған мәлімдемесінде терроризммен күресте қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды.

Акар террор аяқталған сайын халықтың әл-ауқатының да арта түсетінін атап, «Мұның айқын мысалы – Габар. Габарда  бұрын лаңкестер бар болатын, қазір мұнай қайдан шығады, қайда барады, дегенге жеттік. Бұл тақырыптағы жұмысымызды одан әрі жетілдіреміз» деді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Акар терроризммен күрестің табандылықпен жалғасып жатқанын, 2015 жылы 24 шілде күнінен бері 37 мың 886 террорист, соңғы бір айда  болса 126 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Террористердің болмысы жалғасқан сайын күрестің үздіксіз жалғасатынын атап көрсеткен Акар шекаралардың республика тарихындағы ең қарқынды шаралармен қорғалып жатқанын, соңғы 5 жылда шекарадан заңсыз жолмен өтуге әрекет жасаған 3 миллион 300 мың адамның алды алынғанын түсіндірді. 



Ұқсас жаңалықтар