Ердоған «Түрікеви» ғимаратына жасалған шабуылды айыптады

Ердоған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Түрікеви» ғимаратына жасалған шабуылға қатал наразылық көрсетті.

1989609
Ердоған «Түрікеви» ғимаратына жасалған шабуылды айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Түрікеви» ғимаратына жасалған шабуылға қатал наразылық көрсетті.

Нью-Йорктегі «Түрікеви» ғимаратына жасалған шабуылды айыптаған Ердоған «Өкінішке орай, бұлар (батыс елдері) қанішердің жолын ашып, көмектесті. Мұсылмандар мен түріктердің өміріне келгенде қуғын-сүргінге тосқауыл қоюдың орнына үнемі үш маймыл ойынын  ойнаған. Еуропада PKK жағдайдың нашарлағанын көріп, сайлаушыларға шабуыл жасай бастады. Сонымен қатар олар АҚШ-тағы Біріккен Ұлттар Ұйымының қарсы жағында орналасқан «Түрікеви» ғимаратына шабуыл жасап, терезелерін сындырды» деген сөздер қолданды.

АҚШ жоғарғы лауазым иелеріне үн қатқан Ердоған  «Ол жерде Түрікеви сізге аманат. Мына лаңкесті табу керек» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да әлеуметтік желідегі жазбасында шабуылға наразылық білдірді.

Шабуылды «опасыздық» деп сипаттаған Чавушоғлу қылмыскерлердің тез арада анықталуын тіледі.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэтт Миллер де «Түрікеви» ғимаратына қарсы жасалған шабуылды айыптағандарын және мұның қылмыстық іс екенін мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы да АҚШ-тағы «Түрікеви» ғимаратына жасалған шабуылды айыптады.



Ұқсас жаңалықтар