Ибрахим Калын Израильді қатаң айыптады
Ибрахим Калын: "Әл-Ақса мешітінің діни және құқықтық мәртебесін өзгертуге бағытталған барлық әрекеттерге қарсымыз" деді.
1988886

Президенттік сарайдың Баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Израиль Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің басып алынған Шығыс Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылын айыптады.
Калын әлеуметтік желідегі парақшасында:
"Израиль Ұлттық қауіпсіздік министрінің Харем-и Шарифке жасаған шабуылын қабылдауға болмайды. Біз бұл арандатушылық және заңсыз әрекетті қатаң айыптаймыз. Әл-Ақса мешітінің діни және құқықтық мәртебесін өзгертуге бағытталған барлық әрекеттерге қарсы тұруды жалғастырамыз" деп баса көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар

Түркевинде қонақасы берілді
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласындағы Түркевинде қонақасы берілді.