Алтун мен Калын "Шарли Эбдо" журналына наразылық көрсетті

Фахреттин Алтун мен Ибрахим Калын әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.

1987501
Алтун мен Калын "Шарли Эбдо" журналына наразылық көрсетті
ibrahim-kalin-aa-1763476_2.jpg
fahrettin altun.jpg

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калын президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​нысанаға алған Францияның «Charlie Hebdo» (Шарли Эбдо) журналына наразылық көрсетті.

Фахреттин Алтун әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасады.

Алтун президент Ердоғанды ​​нысанаға алған бір мұқаба жариялаған француз журналы «Шарли Эбдоның» арандатушылық жасағанына назар аударды.

Ердоғанның 14 мамыр күнгі президенттік сайлаудағы табысының артынан жарияланған карикатураның «адамгершілікке жатпайтынын» айтқан Алтун «Біз бұл азғындықты қатаң түрде айыптаймыз және олардың осы бейшаралықпен күресіп жатқанына аянышты көзбен қараймыз» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын болса «Шарли Эбдо» журналын «шүберек» деп атады.

Президенттік сайлаудың екінші турына назар аударған Калын түрік ұлтының ең жақсы жауапты 28 мамыр күні жоғары дауыспен қайтаратынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар