Фахреттин Алтун Метаверсе платформасының таныстыру панеліне қатысты

Алтун панельде сөйлеген сөзінде әлеуметтік желіде заңдық және моральдық шектен асқан жазбалардың бар екенін айтты.

1984352
Фахреттин Алтун Метаверсе платформасының таныстыру панеліне қатысты

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун әлеуметтік желілердегі құқықтық жазбалармен күресу үшін «халықаралық цифрлық құқықтық тәртіпті» құру қажет екенін мәлімдеді.

Фахреттин Алтун астана Анкарада өткен Метаверсе платформасының таныстыру панеліне қатысты.

Алтун панельде сөйлеген сөзінде әлеуметтік желіде заңдық және моральдық шектен асқан жазбалардың бар екенін айтты.

Алтун «Әсіресе әлеуметтік медиа платформаларында біз күн сайын құқықтық және моральдық шектен асқан  көзқарастармен бетпе-бет келеміз» деді.

Алтун «Осы проблемалармен күресуде біз ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде де консенсусқа жетуіміз керек және осы консенсуспен  халықаралық цифрлық құқықтық тәртіпті құруымыз керек. Бұл халықаралық қауымдастықтың маңызды міндеттерінің бірі» деген сөздер қолданды.

Бүгінгі әлемнің халықаралық жүйесі цифрлық сын-қатерлерге қарсы тұру үшін міндетті түрде халықаралық құқықтық тәртіпті құруы керек екенін түсіндірген Алтун  «Біз бұл мәселеде бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Түркия ретінде бар күшімізді салып жатырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар