Ердоған береке-бірлік жайлы үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Кыркларелинде береке-бірлік жайлы мәлімдеме жасады.

1983974
Ердоған береке-бірлік жайлы үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Кыркларели Жумхуриет алаңында өткен митингте халыққа үн қатты.

Бұрынғы көптеген қиындықтар мен кедергілерді бірлік және ынтымақпен жеңгендерін атап көрсеткен Ердоған «Бірлігіміз бен ынтымағымызды берік қорғаймыз. Бізді алеви-суннит, түрік-күрд, рим деп бөліп ажыратқысы келетіндерге жол бермейміз» деді.

Жалпы 85 миллион халық арасындағы көршілестік заңына, бауырластық құқығына және азаматтық байланыстарға нұқсан келтіруге рұқсат бермейтіндерін баяндаған Ердоған «Түрік ғасырын сіздермен бірге жүзеге асырамыз. Сіздермен бірге ұлы және қуатты Түркияның есігін ашамыз» деп көрсетті.

Елге 21 жылда ең көп инвестиция салғандарын түсіндірген Ердоған 81 облыстың әрқайсысына жұмыстармен қамтамасыз еткендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар