Террормен күрес табандылықпен жалғасуда

Хулуси Акар соңғы 8 күнде 39 террористтің залалсыздандырылғанын айтты.

1983277
Террормен күрес табандылықпен жалғасуда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қарулы Күштерінің операциясымен соңғы 8 күнде 39 террористтің залалсыздандырылғанын айтты.

Министр Акар Кайсериде жасаған мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің террормен күресін табандылықпен жалғастырып жатқанын, Ирактың солтүстігіндегі террор ұяларының бір-бірлеп талқандалғанын айтты.

Акар «Террор біткен жоқ, күрес бұрынғыдай табандылықпен жалғасуда. Соңғы 8 күнде 39 террорист залалсыздандырылды» деген сөзддер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар