Чавушоғлу: «Түркия денсаулық сақтау саласында әлемге үлгі болды»
Сыртқы істер министрі Анталияда мемлекеттік аурухананың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның денсаулық сақтау саласындағы қызметімен әлемге үлгі болғанын атап көрсетті.
Чавушоғлу Анталияның Конияалтына салынатын мемлекеттік аурухананың іргетасын қалау рәсімінде айтқан сөзінде «Қызметімізбен енді Түркия денсаулық сақтау саласында әлемге үлгі болды» деді.
Чавушоғлу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шамамен 15-16 жылдан бері Түркияны әлемге үлгі ретінде көрсеткенін тілге тиек етті.
Әр салада болғандай Түркияның денсаулық сақтау саласында да әлемнің алдынғы қатарлы елдерінің бірі екенін атап көрсеткен Чавушоғлу адамдардың сапалы қызмет алғанына назар аударды.
Шетелде сырқаттанған, жаралы азаматтарды да елге әкеліп емдегендерін мәлімдеген Чавушоғлу емделу үшін Түркияны таңдаған шетелдіктерді де елге әкелгендерін білдірді.
Чавушоғлу Түркияның денсаулық, бітімгерлік және эвакуациялау тақырыптарында брендке айналғанын атап, «Суданда көптеген елдің азаматын эвакуациялап жатырмыз. Солтүстік Кипр Түрік Республикасы азаматы бауырларымыз бар, сол жердегі дәрігерлерімізбен бірге оларды да Құдай қаласа эвакуациялаймыз. Біз ешкімді артта қалдырмаймыз» деді.
Чавушоғлу Түркияның денсаулық сақтау туризмінде де өте жақсы деңгейде екенін, әсіресе жаһандық індеттен кейін Түркияның әлеуетінің одан жақсы байқалғанын, Араб және Парсы шығанағы елдерінің де науқастарын Түркияға жібере бастағанын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Көші-қон меморандумына қол қойылды
Түсіністік меморандумы аясында Түркиядағы Ирак азаматтары өз еріктерімен елдеріне оралады.