Ердоған әлеуметтік желіден жастарға үн қатты

Президент жастарға Аккую АЭС-тің толық іске қосылғанда жылына 35 миллиард киловатт-сағат электр өндіретінін түсіндірді.

1980531
Ердоған әлеуметтік желіден жастарға үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Аккую атом электр станциясына алғаш таза ядролық отынның әкелінгенін атап, дамыған елдердің жылдар бойы қолданып келе жатқан жасыл энергия технологиясын елге әкелгендерін білдірді.

Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жастарға үн қатып, кеше Түркияның 60 жылдық арманын жүзеге асырғандарын мақтан тұтатындарын, Аккую атом электр станциясына таза ядролық отын әкелінгенін түсіндірді.

Электр стансасының осылайша «ядролық нысан» мәртебесіне көшкеніне назар аударған Ердоған «Аккую АЭС толық іске қосылғанда, жылына 35 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіріп, еліміздің электр энергиясын тұтынуының 10 пайызын қамтамасыз етеді, сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы білікті кадрлық ресурсымызды арттыруда маңызды рөл атқарады.

Атом электр станциясының ең үлкен пайдасын құдай қаласа сіздер де көретін боласыз. Сіздер көзіміздің қарашығы, елдің үмітісіздер. Біз сіздерді жақсы көреміз, сізге сенеміз, жарқын болашағымыздың сәулетшілері деп бағалаймыз. «Түркия ғасыры» бағдарламасы жүзеге асқанша сіздер үшін жұмысты жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар