Ердоғанның денсаулығы жақсы

Кейбір шетелдік баспасөзде орын алған хабарлар шындыққа жанаспайды.

1980057
Ердоғанның денсаулығы жақсы

Кейбір шетелдік баспасһзде президент Ердоғанның денсаулығына байланысты айтылғандардың дұрыс еместігі білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше барлық бағдарламасын алып тастады.  Дәрігерлердің кеңесіне орай үйде демалды.

Вице-президент Фуат Октай «Президент жұмысын жалғастырады. Бағдарламасы – өте қауырт. Өзі де айтты. Жеңіл сыртқаттанды» деді.

Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун да президент Ердоғанның денсаулығы туралы әлеуметтік желіде «Президентіміздің денсаулығы жөнінде жарияланған дәйексіз сөздерді қабылдамаймыз» деп жазды. Алтун хабарламасын ағылшын тілінде де жариялады.

Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик те «Президентіміздің денсаулығы туралы кейбір шетелдік баспасөз органдарында жалған хабарлар орын алды.  Президентіміз міндетінің басында» деп хабарлады.

Өмер Челик әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан дұға-тілектер үшін алғыс айтты.

Коммуникация басқармасына қарасты Дезинформациямен күрес орталығы да әлеуметтік желіде хабарлама жариялады. Хабарламада «Кейбір әлеуметтік желідегі «Президент Ердоған жүрек талмасына ұшырап, ауруханаға жатқызылды» деген хабар шындыққа жанаспайды» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар