Түрік дипломат - Ауғанстан арнайы координаторы
БҰҰ Бас хатшысы түрік дипломатты тағайындады.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш түрік дипломат Феридун Синирлиоғлун Ауғанстан үшін арнайы координатор ретінде тағайындады.
Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дужарик хабарлады. Ол Гутерриштің тәуелсіз анализді Синирлиоғлуның атқаруын және «Ауғанстанның алдындағы сынақтар» туралы ұсыныс келтіруін сұрағанын білдірді.
Сонымен бірге түрік дипломаттың халықаралық қатынастар мен дипломатия саласында өте тәжірибелі екені атап көрсетілді. Оның саяси, гуманитарлық, даму және адам құқықтары саласында бітімгершілік істерін атқарғаны еске салынды.
2015 жылы ТР Сыртқы істер министрі қызметін атқарған Феридун Синирлиоғлу 2016-2023 жылдары Түркияның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі міндетін атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.