Түркия мәжілісі төрағасы Украина парламенті басшысымен кездесті

Мұстафа Шентоп Украина үшін әділ бейбітшілік орнауын тіледі.

1978825
Түркия мәжілісі төрағасы Украина парламенті басшысымен кездесті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Ресей-Украина соғысының одан да көп шығынға жол ашпастан аймақта тез арада түбегейлі, Украина үшін әділ бейбітшілік орнауын тіледі.

Шентоп Еуропа Одағы Парламент басшылары саммитіне қатысу мақсатымен Прагаға барды. Осында Украина парламенті спикері Руслан Степанчукпен кездесті.

Делегациялар арасында өткен кездесуде Шентоп «Біз Түркия ретінде Украинаның халықаралық аренада мойындалған шекарасы ішінде тәуелсіздігін, егемендігін және территория тұтастығын қолдаймыз. Осы күресінде Украинаға қолдауымыз алдағы уақытта да жалғасады» деді.

Түркияның ұстанымының кейбір батыс елдерінен өзгеше екенін білдірген мәжіліс басшысы Түркияның соғыс басталғалы бері халықаралық құқыққа сүйенетін әділ диаломатиялық шешім үшін жұмыстанғанын еске салды.

«Біз соғыстан ешкім табыспен шықпайды деп ойлаймыз. Керісінше соғыстың жеңілгендері халық болады. Сондықтан Түркияның басымдықтарының бірі – осы соғыстың тез арада келіссөз арқылы, дипломатия жолымен аяқталуы» деді ол.

Шентон Украина парламенті басшысын 4-5 мамыр күндерінде Анкарада болатын Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастығы Парламентарлар ассамблеясы  Пленарлық отырысы және 30 жылдық Парламент төрағалары саммитіне шақырды.



Ұқсас жаңалықтар