Террормен күрес тоқтамайды

3 күнде 18 террорист залалсыздандырылды.

1977373
Террормен күрес тоқтамайды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар түрік әскерінің Ирак пен Сирияның солтүстігінде соңғы 3 күнде 18 террористті залалсыздандырғанын білдірді.

Акар Кайсериде сөйлеген сөзінде Түрік Қарулы күштерінің республика тарихындағы ең қарқынды және ауқымды операцияларды жүзеге асырғанын айтты. "Террористік ұйымнан қашып жатқандар айтарлықтай көп. Террористерді былай қойғанда, ұйымның өзі де өліп жатыр. Бұйырса түбегейлі бітеді" деді.

Түрік әскерінің шекаралар мен азаматтарды қорғау үшін қолынан келгеннің бәрін жасауды жалғастыратынын атап көрсеткен Акар «Артында кім тұрса да, оларға біреулер қару, оқ-дәрі немесе тікұшақ беріп жатса да, біздің күресіміз тоқтамайды, соңғы террорист жойылмайынша олармен күресті тоқтатпаймыз» деді.

Акар «2015 жылдың 24 шілдесінен бері барлығы 37 756 террорист залалсыздандырылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар