Министр Акар: 10 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мәлімдеме жасады.

1976048
Министр Акар: 10 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің Сирияның солтүстігінде 4 әскер жарақат алған шабуылға қарсы жасаған операцияда 10 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Акар Сирияның солтүстігіндегі «Зәйтүн бұтағы» және «Евфрат қалқаны» «Зәйтүн бұтағы» операциялық аймақтарына жасалған террорлық шабуылдарға тоқталды.

Министр Акар өз сөзінде террористердің белгілі нысаналарының барлығын атқылағандарын атап көрсеткен «4 жаралы әскеріміз бар және олардың ауруханада емдері жалғасуда. Лаңкестер үшін бірден-бір тығырықтан шығу жолы – әділдікке бағыну. 10 террорист залалсыздандырылды» деді.

Акар «Біздің жалғыз мақсатымыз – ұлтымыз нысанаға алған лаңкестерге қарсы. Шекарамыздың қорғалуы мен қауіпсіздігі үшін күресімізді табандылықпен жалғастыруға бел будық» деді.



Ұқсас жаңалықтар