"IMECE" жер серігін ұшыру тағы да кешіктірілді

Түркияның отандық жер серігі «IMECE»-ні ғарышқа ұшыру тағы бір рет кейінге қалдырылды.

1973804
"IMECE" жер серігін ұшыру тағы да кешіктірілді

Түркияның отандық және ұлттық құралдармен өндірген алғаш бақылау жер серігі «IMECE»-нің ғарышқа ұшыру кезеңі тағы бір рет кейінге қалдырылды.

Түбитак (Түркияның Ғылыми-техникалық зерттеу мекемесі) жасаған мәлімдемеде «IMECE» жер серігін орбитасына таситын «Falcon 9» зымыранына жауапты «SpaceX» компаниясының ұшыруды бүгін жасаудың мүмкін еместігін ресми түрде білдіргенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде әзірге 14 сәуір жұма күні сағат 09.48-ге шегерілген ұшыру операциясының нақты күні мен уақытының кейінірек жарияланатыны жеткізілді.

Екінші жағынан «SpaceX»-тің Твиттер аккаунтындағы хабарламада қосымша уақыттың жұмыс топтарын ұшыру алдында тексерулерді аяқтауға және ауа райы жағдайының жақсаруына мүмкіндік беретіні айтылды.

Алдында кеше таңертең жүзеге асады деп жоспарланған ұшыру бағдарламасының бір күн кейінге шегерілгені хабарланды. «SpaceX» мәлімдемесінде ауарайы жағдайын қадағалағандарын білдірген болатын.

«IMECE» жер серігі 21 ақпан күні АҚШ-тағы «Ванденберг» Ғарыш күштері базасына жіберілген еді.



Ұқсас жаңалықтар