Грекия Қорғаныс министрінің Түркия сапары

Грекияның Қорғаныс министрі Акардың шақыруымен сейсенбі күні Хатайға келді.

1971757
Грекия Қорғаныс министрінің Түркия сапары

Грекия Қорғаныс министрі Никос Панайотопулос 6 ақпанда орталығы Кахраманмарашта болған жер сілкінісінен кейін Түркия-Грекия қарым-қатынасындағы жақындасудың маңызды екенін атап көрсетті.

«Ta Nea» газетіне сұхбат берген Панайотопулос Түркияға сапары жайлы «тамаша қонақжайлық, отбасылық атмосферасы және  шын пейілділік» деген сөздер қолданды.

Панайотопулос екіжақты қарым-қатынастардағы атмосфераны жақсарту үшін Түркияда Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездескенін білдірді.

Сейсенбі күнгі сапарының Грекияның қорғаныс министрінің Түркияға соңғы 20 жылдағы алғашқы сапары екенін атап көрсеткен Панайотопулос келіссөз үстеліндегі шиеленісті азайту қажеттілігін, алдын ала белгіленген халықаралық жаттығулардан тыс жаттығулардың шектелуін, халықаралық сулар мен әуе кеңістігінің маңыздылығын атап көрсетті.

Панайотопулос климаттың өзгеруі, өрт және жер сілкінісі сияқты мәселелермен күресте екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға болатынына назар аударды.

Панайотопулос екі жақтың да диалогты жақтайтынын баса айтты.

Грекияның Қорғаныс министрі Акардың шақыруымен сейсенбі күні Хатайға келген болатын.

Екі министр жер сілкінісі болған аймақта жүргізген зерттеулерінен кейін жеке кездесу өткізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар