Ердоған  650 мың тұрғын үй салынатынын айтты

Ердоған Килис және жер сілкіністерінен зардап шеккен 11 қалада 650 мың тұрғын үй салатындарын айтты.

1968284
Ердоған  650 мың тұрғын үй салынатынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Килис және жер сілкіністерінен зардап шеккен 11 қалада 650 мың тұрғын үй салатындарын айтты.

Ердоған кеше Килисте жасаған мәлімдемесінде 1643 тұрғын үй мен 2 мың 628 ауыл үйін салатындарын еске салып, «Қаламызда салынатын тұрғын үйлердің жалпы саны 4271-ге жетті. Бүгінде  649 тұрғын үйдің іргетасын қаладық. 486 ауыл үйі салынатын болды. Осылайша апат аймағында  барлығы 6750 тұрғын үй мен ауыл үйінің құрылысы жүріп жатыр » деген сөздер қолданды.

Күн өткен сайын қоқыс жойылып, құрылыстар басталса, үміт қайтадан көктей түсетінін білдірді.

Президет Ердоған «Өз жұмысымызды қалалардың демографиясын, тарихын, өнерін, мәдениетін, өнеркәсібін және сәулет құрылымын қорғайтын түсінікпен жүргіземіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар