Астық дәлізінен 25 миллион тонна астық тасымалданды

Түркияның талпынысымен ашылған астық тасымалдау дәлізі үшін 30 наурызға дейін Украина порттарынан шыққан кемелер саны 851-ге жетті.

1968036
Астық дәлізінен 25 миллион тонна астық тасымалданды

Астық дәлізі арқылы тасымалданған астықтың жалпы көлемі 25 миллион тоннадан асты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда 19 наурыздан бері 31 кемемен астық дәлізінен 1 миллион 215 мың 354 тонна астық тасымалданғаны білдірілді.

Осылайша Түркияның 2022 жылы 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысы салдарынан азық-түлік дағдарысы қаупін жою үшін шілде айында іске асқан талпыныстарымен жасалған астық дәлізінен тасымалданған  астық көлемі 25 миллион тоннадан асты.

Жалғасып жатқан астық тасымалы аясында 30 наурызға дейін Украина порттарынан шыққан кемелер саны 851-ге жетті.

Дәліз арқылы өткен астықтың 40 пайызы Еуропаға, 30 пайызы Азияға, 13 пайызы Түркияға, 12 пайызы Африкаға, 5 пайызы Таяу Шығысқа тасымалданған.



Ұқсас жаңалықтар