Алғашқы "TOGG" президентке тапсырылады

Ал екінші көлік болса Ильхам Әлиевке беріледі.

1968099
Алғашқы "TOGG" президентке тапсырылады

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк дүйсенбі күні президент Режеп Тайып Ердоған мен әйелі Емине Ердоғанға алғашқы «TOGG»  көлігін тапсыратындарын мәлімдеді.

Варанк ел астанасы Анкарада журналистердің Түркияның отандық көлігі «TOGG»   жеткізіліміне байланысты сұрақтарына жауап берді. «Дүйсенбі күні көліктерге бірінші болып тапсырыс берген Президентімізге жеткіземіз деп үміттенеміз» деген министр Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен де кездесу өткізгендерін және екінші жеткізілімнің Әлиевке жасалатынын айтты.

Варанк бұдан былай жоспарға сәйкес басқа көліктерді жеткізуді бастайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар