Ердоған: «Үйлердің құрылысын бастадық»

Президент жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда 27 мың 949 тұрғын үй құрылысын бастағандарын мәлімдеді.

1967355
Ердоған: «Үйлердің құрылысын бастадық»

Президент Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісі болған аймақтарда 27 мың 949 тұрғын үй құрылысын бастағандарын, кейбір ауылдық үйлердің аяқталуға жеткенін атап көрсетті.

Президент Ердоған бас қала Анкарадағы Чанкая резиденциясында кейбір жекеменшік телеарналардың ортақ тікелей эфирінде журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

6 ақпан күні орталығы Кахраманмараш болған жер сілкінісінен кейін апат аймағын қалпына келтіру үдерісінiң басталғанын атап көрсеткен Ердоған «Ел-жұртымыз тыныш болсын. 20 жылда 1 миллион 180 мың қауіпсіз тұрғын үйді және 3,3 миллион қала жаңарту жұмыстарын жүргізген ұжым еңбек етуде. Жер сілкінісі болған аймақта жаңа үйлердің көпшілігінің іргетасын қаладық, құрылыс жұмыстарымыз жалғасуда» деді.

Президент Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен Адыяман, Кахраманмараш, Газиантеп, Хатай және Малатияда барлығы 27 мың 949 үйдің құрылысының іс жүзінде басталғанын атап «Тіпті ауылдағы кейбір тұрғын үйлер аяқталу сатысында. Оларды жазға дейін бітіреміз. Егер біз бір нәрсенi «Істейміз десек, онда біз оны жасаймыз» деген сөз» деді.



Ұқсас жаңалықтар