Президент жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтармен кездесті

Президент Ердоған ораза айына байланысты қалаларды аралап,  тұрғын үйлердің іргетасын қалағандарын айтты.

1965316
Президент жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтармен кездесті
erdogan depremzedeler iftar bulusmasi.jpg
erdogan depremzedeler iftar bulusmasi.jpg
erdogan depremzedeler iftar bulusmasi.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған 1 жыл ішінде 650 мың үй салып, жер сілкінісі болған аймақты жандандыруды мақсат еткендерін білдірді.

Президент Ердоған Стамбулдағы жер сілкінісі құрбандарымен бас қосты.  Ердоған 6 ақпан күні болған жер сілкінісінде мемлекеттің барлық органдарын және мүмкіндіктерін жұмылдырғандарын айтты.

Халықтың да алғашқы күннен бері жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтардың жанынан табыла білгеніне назар аударған Ердоған: «Дос және бауырлас елдер бастаған халықаралық көмектерді де ешқашан ұмытпаймыз» деді.

«Мақсатымыз – бір жыл ішінде инфрақұрылымымен, барлық әлеуметтік және сауда ғимараттарымен бірге 319 мың үй, барлығы 650 мың үй салып, жер сілкінісі болған аймақты жандандыру» деді ол.

Президент Ердоған ораза айына байланысты қалаларды аралап,  тұрғын үйлердің іргетасын да қалағандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар