Чавушоғлу Түркияға берілген көмекке тоқталды

Мевлүт Чавушоғлу Халықаралық жылу жинаушылар конференциясынан кейін мәлімдеме жасады.

1962607
Чавушоғлу Түркияға берілген көмекке тоқталды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 6 ақпандағы жер сілкінісінен кейін Халықаралық жылу жинаушылар конференциясында берілген уәделердің Түркияның қалпына келтіру жұмыстарына маңызды үлес қосатынын айтты.

Чавушоғлу Бельгияның астанасы Брюссельде Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін ұйымдастырылған Халықаралық жылу жинаушылар конференциясынан кейін баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Конференцияның ұйымдастырылуына мұрындық болған  Еуропа Одағы (ЕО) комиссиясы мен Швецияға және  конференцияға қолдау көрсеткен барлық елдерге алғыс айтқан Чавушоғлу «Конференцияға 65 ел, 26 халықаралық ұйым және қаржы ұйымы қатысты» деді.

Чавушоғлу «Конференцияда осы уақытқа дейін келген көмекті есептемегенде еліміз үшін 6 миллиардтан астам ақша берілуі туралы уәде берілді. Түркия әрқашан әлемнің қай жерінде болса да қиын жағдайда қалған елдер мен адамдарға қол ұшын берген алғашқы елдердің бірі болды »  деген сөздер қолданды.

Чавушоглу «Жаңа елді мекендерімізді  тіпті қауіпсіз, тіпті төзімді, тіпті жасыл және тіпті  ақылды ретінде  саламыз» деді.

Алда ұзақ әрі қиын процесс тұрғанын, бірақ барлық мүмкіндіктерді жұмылдыра отырып, оны табандылықпен еңсеретінін  түсіндірген  Сыртқы істер министрі «Дүниеден озған жандарды тірілте алмаймыз. Қираған үйлердің орнына тіпті жақсысын саламыз. Бүгін жылу жинаушылар конференциясы өтуде. Жиналған жылулар қалпына келтіру жұмыстарына үлкен үлес қосады»  деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар