Ердоған ТМҰ саммитінде сөз сөйледі

Ердоған Түрік инвестиция қорының түрік әлеміндегі экономикалық интеграцияға үлес қосатынын айтты.

1961056
Ердоған ТМҰ саммитінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік инвестиция қорының түрік әлеміндегі экономикалық интеграцияға үлес қосатынын айтты.

Президент Ердоған бас қала Анкарадағы Президенттік сарайында ұйымдастырылған Түркі  Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ)  кезектен тыс саммитіне қатысты мәлімдеме жасады

Саммитті сәтті аяқтағандарын атап көрсеткен Ердоған Түркиядағы жер сілкінісі мен су тасқынынан кейін ұйым мүшелері және бақылаушыларымен бірге ынтымақтасу мақсатында бас қосқандарын айтты.

Саммитке қатысқан мемлекет басшыларына алғыс білдірген президент Ердоған «Басымыздан өткен апатта түрік әлемі ретінде көрсеткен ынтымақ пен береке-бірлікті  ешқашан ұмытпаймыз» деді.

Ердоған мақсатының бір жыл ішінде бүкіл жер сілкінісі аймағындағы тұрғын үй қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті сапалы және қауіпсіз ғимараттар салу екенін айтты.

Түрік әлеміндегі интеграцияның қозғалтқышы болып табылатын экономика, сауда, көлік және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтарын да қарастырғандарын айтқан Ердоған «Түркия Инвестиция қорының құрылтай келісіміне қол қою нақты жетістіктердің бірі болды. Қордың арқасында шағын және орта кәсіпорындарға, даму жобаларына, көлік және логистикалық тізбектерге, инфрақұрылымдық жобаларға, ауыл шаруашылығы мен туризм инвестицияларына және жаңартылатын энергия жұмыстарына қолдау көрсетіледі» деген сөздер қолданды.

Түрік инвестиция қорының түрік әлеміндегі экономикалық интеграцияға да үлес қосатынын түсіндірген Ердоған «Құрылатын қорға Стамбул үй иелегін жасайды. Осылайша біз Стамбулдың әлемдік қаржы қорталық рөлінің үлкеюін қамтамасыз еттік» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар