Жер сілкіністерінің шығыны 100 миллиард доллардан асты

БҰҰ Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкінісінен салдарынан  шығынның 100 миллиард доллардан асуы мүмкін екенін мәлімдеді.

1959800
Жер сілкіністерінің шығыны 100 миллиард доллардан асты

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкінісінен салдарынан  шығынның 100 миллиард доллардан асуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Апат үлкендігінің бұрын-соңды болмаған деңгейде екенін бірнеше рет мәлімдеген БҰҰ жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда жұмысын жалғастыруда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Луиза Винтон апаттың ауқымы мен жер сілкінісі аймағындағы жұмыстардың егжей-тегжейлерін Түркия Радио Теледидар Мекемесіне (TRT) түсіндірді.

Винтон халықаралық қауымдастықты қайта қалпына келтіру үшін Түркияға қолдау көрсетуге шақырды.

Винтон «Қайта қалпына келтіру үшін атсалысудамыз.  Бұған 100 миллиард долларлық қаражат керек » деді.

Винтон «Әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдер Түркиямен ынтымақтасу. Қаржылық жағынан үлкен көмек беру керек» деген сөздер қолданды.

Апаттың көлеміне назар аударған Винтон «Мен ол жерде бір аптаға жуық болдым және аймақтың көп бөлігін араладым. Онда қорқынышты фильмдерде немесе қорқынышты түстерімде  көргендерім көзіме елестеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар