Өшпенділік қылмыстарымен күрес жалғасады

Чавушоғлу Халықаралық Исламофобиямен күрес күніне орай Twitter парақшасында фото хабарлама жариялады.

1960163
Өшпенділік қылмыстарымен күрес жалғасады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу өшпенділік қылмыстарының барлық түріне қарсы табанды күресті жалғастыратындарын білдірді.

Министр Чавушоғлу Халықаралық Исламофобиямен күрес күніне орай Twitter парақшасында фото хабарлама жариялады.

Чавушоғлу 2019 жылы 15 наурызда Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында 51 адамның өмірін қиған лаңкестік шабуылдың нысанасы болған «Нұр» мешітінің фотосуретін қамтитын хабарламасында  «Бүгін Халықаралық исламофобияға қарсы күрес күні. Бейбітшілік діні Исламға қарсы шабуылдар күшейіп жатқан осы кезеңде өшпенділік қылмысының барлық түріне қарсы табанды күресіміз жалғасады» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар