Финляндия президенті Түркияға келеді

Финляндия президенті Саули Ниинистё Түркияға келеді.

1960217
Финляндия президенті Түркияға келеді

Финляндия президенті Саули Ниинистё президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келеді.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ниинистё Ердоғанның шақыруымен 16-17 наурыз күндері Түркияға жұмыс сапарымен келеді.

17 наурыз жұма күні Стамбулда өтетін кездесулерде Түркия-Финляндия қарым-қатынастарының барлық аспектілері қарастырылып, ынтымақтастықты жақсарту үшін басылуы мүмкін қадамдар талқыланады.

Екі жақты қарым-қатынастармен қатар НАТО Мадрид саммиті аясында қол қойылған үшжақты меморандум негізінде Финляндияның НАТО-ға мүшелік өтініші, Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастары және аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасады.  

Түркия 28 маусымда Испанияның Мадрид қаласында өткен НАТО саммитінде мүшелікке өтініш берген Финляндия мен Швецияға вето қойды. Террор ұйымдарын ашық қолдайтын екі елмен хаттамаға қол қойған Анкара берілген уәделердің орындалуын күтуде.



Ұқсас жаңалықтар