Калын АҚШ іскерлерін Түркияға шақырды

Ибрахими Калын АҚШ Сауда палатасында ұйымдастырылған АҚШ-Түркия бизнес форумына қатысты.

1959280
Калын АҚШ іскерлерін Түркияға шақырды

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын  энергетикадан иммиграцияға, терроризммен күрестен Украинадағы соғысқа дейін әлемде кездескен қиындықтардың қазір бір-бірімен араласып кеткенін түсіндірді. Кадын Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасында кеңірек геосаяси стратегиялық диалог қажет екенін айтты.

Калын АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы АҚШ Сауда палатасында ұйымдастырылған АҚШ-Түркия бизнес форумына қатысты.

Калын сөзінде 6 ақпан күні орын алған орталығы Кахраманмараш болған жер сілкіністерінің Түркия тарихындағы ең ауыр және «ғасырдың апаты» деп сипатталған жер сілкіністерінің бірі екеніне назар аударды.

Калын президент Режеп Тайып Ердоғанның зілзаладан зардап шеккендерге бір жылда 200 мың үй салуға уәде бергенін білдірді.

Калын жалпы сайлаудың соңғы тарихтағы ең ауыр табиғи апаттан үш айдан кейін уақытында өткізілуі өте дұрыс бір шешім екенін түсіндірді.

Калын Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік ұстанымына байланысты Түркияның ұстанымының осы екі елдің Түркияның қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін қадамдар басуы  керектігін атап көрсетті.  

Калын Түркияның энергия құбырларынан стратегиялық тақырыпқа  дейін аймақтағы басты актер екенін баяндады.

Екі елдің геосаяси жаһандық мүдделері мен НАТО-дағы қарым-қатынастардың стратегиялық маңыздылығы негізінде АҚШ конгрессі мүшелерінің Түркияға көбірек келуін күткендерін білдірген Калын АҚШ-тың іскер әлемін екі ел арасындағы сауда көлемін арттыруға шақырды.

Калын «Түркияда бизнес әлемі үшін достық орта бар және инвестиция салған әрбір іскер әрқашан бір нәрсе ұтады» деді. 



Ұқсас жаңалықтар