«Kızılelma» мен «TCG Anadolu» жобалары АҚШ баспасөзінде орын алды

Түркия шығарған жаңа әскери технологиялар әлем күн тәртібінде орын алды.

1957356
«Kızılelma» мен «TCG Anadolu» жобалары АҚШ баспасөзінде орын алды
Siha Gemisi TCG Anadolu.jpg
bayraktar kizilelma.jpg

Түркияда «BAYKAR» компаниясы өндірген қарулы пилотсыз әуе көліктері «TB2» мен «AKINCI» аймақтағы соғыстардың бағытын өзгертіп, халықаралық назарды өзіне аударған еді.

Қазір болса Түркияның "көрінбейтін технологиясы" деп аталатын алғашқы ұшқышсыз әскери ұшағы «Kızılelma» халықаралық қоғамның күн тәртібіне келді.

АҚШ-та жарық көретін «Insider» журналы «Kızılelma» атты жаңа технологияның түрік қорғаныс өнеркәсібінің жылдам өсуіне ықпал ететінін жазды.

Журналда жарық көрген мақалада Түркияның пилотсыз әуе көлігі саласындағы табысының 2021 жылға қарағанда 80 пайыз өсіп, 871 миллион долларлық экспорт жасағаны орын алды. Осы уақытқа дейін 24 елге 400 TB2 сатылғаны ескертілді.

«Insider Magazine» журналы «Kızılelma» тақырыпты мақаласында аталмыш әуе көлігінің дәлдік қабілеті жоғары оқ-дәрі мен қанатты зымырандар тасымалдағанына назар аударды.

Мақалада жасанды интеллект пайдаланылған жаңа қозғалтқыштар арқылы «Kızılelma» әскери ұшағының болашақта дыбыстан жылдам ұшатыны жазылды.

Түркияның ең үлкен амфибиялық соғыс кемесі болған және жақында Түрік теңіз күштеріне қосылған «TCG Anadolu» да сөз болды.

Пилотсыз ұшақтардың қонып, ұшуына жағдай жасалған «TCG Anadolu» кемесіне енгізілетін реттеулермен "Kızılelma" жойғыш ұшағы да қонатын болады.



Ұқсас жаңалықтар