Сыртқы істер министрі әйелдерді құттықтады

Чавушоғлу 8 наурыз Әйелдердің халықаралық күніне орай хабарлама жасады.

1956524
Сыртқы істер министрі әйелдерді құттықтады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Жер сілкінісінен кейін атқарылған жұмыстардың басы-қасында жүрген барша әйелге алғысымды білдіремін және шейіт болған әйелдерімізді мейіріммен және алғыспен еске аламын» деді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу 8 наурыз Әйелдердің халықаралық күніне орай хабарлама жасады.

Чавушоғлу барлық әйелдерді құттықтады. «Еліміздегі зілзала апаты тағы бір рет мынаны көрсетті: әйелдеріміз - төзімділік, шыдамдық пен қиын жағдайда жылдам үйлесімділік қабылетімен жарамызды таңуда және ошағымыздың қайта жаңғыруында ең негізгі күшіміз. Еліміз әйелдерге қарсы жікшілдік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің әлеуметтік өмірдің барлық алаңында ықпалды болуы бағытында табанды жұмыс істеп келеді» деді ол.

Чавушоғлу БҰҰ Адам құқықтарының жаһандық декларациясының қабылданғанына 75 жыл толып отырған кезеңде әйелдердің қоғамдық өмірдің барлық саласында тұғырының нығайтылуы бағытында халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде жүргізілген істерге Түркияның белсенді қатысып отырғанын білдірді.

Сыртқы істер министрі «Барша әйелді 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, басқа елдерден көмек бергендерді де қосқанда,  жер сілкінісі апатынан бері жұргізілген жұмыстарға аянбай атсалысып отырған әйелдерге алғыс айтамын, әйел шейіттерімізді де құрметпен еске аламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар