Шетелдік іздеу-құтқару топтарының еңбегі мәңгі өлмейді

«Ғасырдың апаты» деп сипатталған жер сілкінісінде шетелдік топтар үйінді астынан жүздеген адамды құтқарды.

1955579
Шетелдік іздеу-құтқару топтарының еңбегі мәңгі өлмейді
deprem arama kurtarma.jpg
proteo kopek.jpg
yabanci arama kurtarma1.jpg
yabanci arama kurtarma.jpg
azerbaycan arama kurtarma.jpg

6 ақпан күні орталығы Кахраманмарашта болған және 11 аймақты қамтыған жер сілкінісінен кейін 90 елдің іздеу-құтқару топтары Түркиядағы жұмысқа қолдау көрсетті.

«Ғасырдың апаты» деп сипатталған жер сілкінісінде шетелдік топтар үйінді астынан жүздеген адамды құтқарды.

Әрбір табиғи апатта болғандай Түркияға көмекке бірінші келген ел Әзербайжан болды. Жалпы саны 899 қызметкері бар Әзербайжан топтары Кахраманмараштағы іздеу-құтқару жұмыстарына қолдау көрсетіп, 53 адамды қиранды астынан құтқарды.

Жұмыстарға қолдау көрсеткен 89 елдің іздеу-құтқару топтары елдеріне оралса, Әзербайжан топтарынан 309 адам әлі де Кахраманмарашта жұмыс істеуде.

Шетелдік іздеу-құтқару топтарының аймақтағы жұмысы барысында басынан өткерген эмоционалды сәттері де камералардан көрініс тапты.

Грекиядан 67 адамнан тұратын іздеу-құтқару тобы Хатайда қызмет етті.

Грекия тобының Хатайдың Искендерун ауданындағы жұмыстары нәтижесінде 50 жастағы әкесі мен 6 жасар қызының үйінді астында аман қалғаннан кейінгі эмоциялық сәттері камераларға жазылып қалды.

Венгриядан келген іздеу-құтқару тобы да Хатайда 1,5 жасар қызды қирандылардан аман алып шыққаннан кейін эмоцияға толы сәттер өткізді.

Шетелдік іздеу-құтқару топтарының тағы бір есте қалатын бейнесі – Германия  "Даниэль Ланкерс" тобының үйінді астында жатқан Зейнеп есімді әйелді шақырған сәті.

Жұмысқа жер сілкінісіндегі іздеу-құтқару топтарының тысында  көптеген елдердің «достық белсінділері» де үлес қосты. Адамдарды құтқаруда 54 елден келген арнайы үйретілген 440 ит маңызды рөл атқарды.

Мексикалық топтармен бірге іздеу-құтқару жұмыстарына қолдау көрсету үшін Түркияға әкелінген әйгілі іздеу-құтқару иті «Протео» өзі жұмыс істеген Адыяманда қайтыс болды.

Аймақта 3 адамның аман қалуында маңызды рөл атқарған «Протео»  Адыяманда жерленді.



Ұқсас жаңалықтар