Түркия АҚШ-тың 2021 жылы терроризм есебіне наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы, елші Танжу Билгич мәлімдеме жасады.

1954357
Түркия АҚШ-тың 2021 жылы терроризм есебіне наразылық көрсетті

Түркия Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сыртқы істер министрлігінің «2021 жылы Терроризм туралы ел есебіне» наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы, елші Танжу Билгич есеп туралы сұраққа қайтарған жазбаша жауабында «АҚШ Сыртқы істер министрлігінің «2021 жылғы Терроризм туралы ел есебі» еліміздің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін террор ұйымдарымен күресін әдейі түрде бұрмалайды» деді.

Түркияның PKK/PYD/YPG, DHKP-C, FETÖ және ДАИШ-тен бастап террор ұйымдарымен күресін заң негізінде жалғастыратынын және осы саладағы халықаралық күш-жігерге тиімді үлес қосқанын білдірген Билгич есепте PKK террор ұйымының Cириядағы жалғасы «Сирия Демократиялық күштерінің АҚШ-тың ДАИШ-пен күрестегі серігі деп аталуының «бір террористік ұйымға қарсы күресте басқа бір террор ұйымын пайдаланудағы қателігінің АҚШ мекемелерінің әлі түсінбей отырғанын» көрсеткенін мәлімдеді.

Есепте бір жақты баспасөзде орын алған жаңалықтар туралы Түркияның Сирия мен Иракқа қарсы бағытталған террормен күрес операцияларының бейбіт тұрғындардың қазасына себеп болғаны туралы уәждерге орын беруі болса «біртүрлі опасыздық» екенін атап көрсеткен Билгич «2016 жылы елімізде болған қанды төңкеріс әрекетінің күдіктісі және АҚШ-қа қоса орналасқан әр елде қылмыстық әрекеттерге араласқан Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТО) түрік сот жүйесі тарапынан нақты дәлелдерге негізделген сот шешімдерімен әшкереленді. Сондықтан есепте ФЕТО мүшелерімен күресімізді саяси астарлы деп сипаттау қабылданбайды. АҚШ-тан күтетініміз – ФЕТО ұйымының өз еліндегі болмысы мен жұмысын тезірек тоқтату» деді.

Билгич екінші жағынан есепте «естіген және біржақты баспасөз хабарларына негізделген» уәждерге орын берілуінің де есептің маңыздылығына күмән келтіргеніне назар аударып «Америка Құрама Штаттарын одақтастық рухына сәйкес елімізбен ынтымақтасуға, терроризммен күресте ережелі, дәйекті, табанды және тиімді көзқарасты ұстаным қабылдауға шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар