Ердоған партиясының ТҰҰМ-дегі жиналысында үн қатты

Президент жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен аймақтарға қолдаудың жалғасатынын атап көрсетті.

1953358
Ердоған партиясының ТҰҰМ-дегі жиналысында үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған ынталандыруды арттыру арқылы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен аймақтарға қолдауды жалғастыратындарын атап көрсетті.

Президент Ердоған өзі басқаратын Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) жиналысында үн қатты.

«Ел ретінде біз 6 ақпан күні "ғасырдың апаты" деп аталған 7,7 және 7,6 балл күшінде жер сілкіністерінің артынан 6,6 балға дейін жететін 11 400-ден астам дүмпуді көрдік» деген Ердоған аймақтағы қалаларда өте ауыр қирауға себеп болған жер сілкіністерінің әлі де жалғасып жатқанын айтты.

«Еліміздегі және дүние жүзіндегі ғалымдардың барлығы бастан өткеріп жатқанымыз үдерістің қалыпты жағдай емес екенін айтуда» деген Ердоған «Түркия жер сілкінісі дауылдарымен бетпе-бет» деді.

Жер сілкінісінен кейін қалаларды аяғынан тұрғызу үшін жылдам «Апаттың салдарынан құтылу қоры» құрылатынын білдірген Ердоған ынталандыруды арттыра отырып, алдағы күндері аймақтағы оңалту үдерісіне үлес қосатындарын атап көрсетті.

Президент «Біз Түркия ұлттық тәуекел қалқаны моделін құруды жоспарлап отырмыз және жұма күні бірінші кездесуді өткіземіз» деді.

Президент Ердоған жер сілкінісі аймағында 468 мың 31 үй салынатынын, оның 392 мың 350 тұрғын үй, 75 мың 681 ауыл үйлері болатынын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар