Кешегі жер сілкінісінде 6 адам қаза тапты

294 адам жарақат алды.

1949072
Кешегі жер сілкінісінде 6 адам қаза тапты

Хатайдың Дефне ауданында 6,4 балдық жер сілкінісі, артынан да Самандаг ауданында 5,8 балл жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінде 6 адам қаза тапты.

Апат және төтенше жағдай басқармасы AFAD «Хатай қаласы Дефне ауданында Түркия сағатымен 20.04-те 6,4 балл жер сілкінісі болды. Төңіректегі қалаларда да сезілген жер сілкінісі 16,7 км тереңде болды» деп хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа «Хатайда кеше кешке болған жер сілкінісінде 294 азамат жараланды. 18 кісінің жағдайы өкінішке орай ауыр» деп мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар