Түркия жұдырықтай жұмылуда

Ердоған «AFAD есеп шоттарына ел ішінен және шетелден түсетін әрбір тиын жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін пайдаланылады»деді.

1947147
Түркия жұдырықтай жұмылуда

Эпицентрі Кахраманмараштағы  жер сілкіністерінің жарасын жазу үшін Түркия Радио Теледидар Мекемесі (TRT) де бар 8 телеарнаның ортақ хабар таратуымен «Түркия жұдырықтай жұмылуда» атты көмек науқаны ұйымдастырылды.

Науқан аясында жиналған 115,1 миллиард түрік лирасы Апат және Төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) және Түрік Қызыл жарты ай қоғамына беріледі.

Президент Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) мен Әзербайжаннан 200-ге жуық жергілікті, аймақтық, ұлттық және халықаралық теледидарлар және 500 радионың қатысуымен көрсетілген хабарға телефон арқылы қатысып «AFAD есеп шоттарына ел ішінен және шетелден түсетін әрбір тиын жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін пайдаланылады»деді.

6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш және 10 аймақты қамтыған 7,7 және 7,6 балдық екі жер сілкінісі болған және көп адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар