9 елдің елшілеріне ескерту

Түркиядағы барлық дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігі халықаралық келісімдер негізінде қамтамасыз етілгені ескертілді.

1941405
9 елдің елшілеріне ескерту

Түркиядағы лаңкестік әрекеттер қаупін сылтауратып, консулдықтарының жұмысын тоқтатқан 9 елдің елшілері Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Дипломатиялық дереккөздердің хабарлауынша, лаңкестік әрекеттер қаупі бар деген сылтаумен консулдықтарының жұмысын тоқтатқан АҚШ, Нидерланды, Швейцария, Швеция, Англия, Германия, Бельгия, Франция және Италия елшілері Сыртқы істер министрлігіне шақырылған.

Елшілерге мәселеге қатысты наразылық білдіріліп, Түркиядағы барлық дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігі халықаралық келісімдер негізінде қамтамасыз етілгені ескертілді.

Бір уақытта осындай әрекеттер ұйымдастырудың қалыпты және салиқалы көзқарас болып табылмайтыны және мұндай тәсілдердің террористік ұйымдардың арамза күн тәртібіне ғана қызмет ететіні баса айтылды.

Дос және одақтас елдерден күтілетін нәрсе Түркияның қауіпсіздік органдарымен ынтымақтастық екені жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар