Ердоған Билежикте жастармен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған «Финляндия туралы басқаша хабарлама жасағанда, Швеция таң қалады» деді.

1939280
Ердоған Билежикте жастармен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне қатысты «Финляндия туралы басқаша хабарлама жасағанда, Швеция таң қалады» деді.

Президент Ердоған Билежикте жастармен кездесті.

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік үдерістеріне тоқталған Ердоған «Біз (Швецияға) НАТО-ға кіру үшін бұл террористтерді бізге тапсырып береңіз. Егер сіз бұл террористтерді тапсырып бермесеңіз онда ремжімеңіз. Әрине олар әртүрлі сылтаумен біздің айтқанмызды орындамады. Финляндия туралы басқаша хабарлама жасағанда Швеция таң қалады. Бірақ Финляндия мұндай қателік жасамауы керек» деген сөздер қолданды.

Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа тоқталған Ердоған былай деді: «Біздің Ресеймен қарым-қатынасымызда өзара құрмет бар. Менің (Владимир) Путин мырзамен қарым-қатынасым адалдыққа негізделген. Біз ойлаған нәтижеге қол жеткізе алмасақ та, Сирияның солтүстігіндегі оқиғалар жайлы «Кел, қазір үш жақты кездесулер өткізейік. Ресей, Түркия, Сирия үштік болып жиналайық. Бұған тіпті Иранды да қосуға болады. Иран да келсін. Келіссөздерімізді осылай жүргізейік, аймақта тыныштық орнасын» дедік. Аймақ қазіргі проблемаларды бастан өткермеуі керек. Міне, біз бірқатар нәтижелерге қол жеткіздік».



Ұқсас жаңалықтар