Ердоған Швецияға наразылық білдірді

"Мұсылмандардың діни сеніміне құрмет көрсетпегендер бізден жақсылық күтпесін" деді.

1936945
Ердоған Швецияға наразылық білдірді

Президент Режеп Тайып Ердоған Швецияда Құран Кәрімнің өртелуіне қатысты «Егер Түркия Республикасының немесе мұсылмандардың діни сеніміне құрмет көрсетпесеңіз, НАТО тақырыбында бізден ешқандай қолдау ала алмайсыз” деді.

 Президент Ердоған Анкарада өткен үкімет отырысынан кейін мәлімдеме жасады.

Ердоған Швецияның астанасы Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Данияның әсіре оңшыл «Қатаң бағыт» партиясының жетекшісі Расмус Палуданның Құран Кәрімді өртеуіне рұқсат берілгеніне қатаң наразылық білдірді. «Егер Түркия Республикасының немесе мұсылмандардың діни сеніміне құрмет көрсетпесеңіз, НАТО тақырыбында бізден ешқандай қолдау ала алмайсыз» деді ол.

«Біздің елшіліктің алдында осындай жанжал шығарғандар НАТО-ға мүше болу өтініштеріне қатысты бізден ешқандай жақсылық күтпеуі керек» деді Ердоған.

Данияның әсіре оңшыл «Қатаң бағыт» партиясының жетекшісі Расмус Палудан сенбі күні Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберді, полицияның қорғауымен болған оқиғада Палуданға ешкімнің жақындауына рұқсат етілмеді.

Маусым айында Испанияда өткен Лидерлер саммитінде Финляндия мен Швеция НАТО-ға мүшелік үшін Түркияның терроризммен күресіне қатысты ескертулерін орындайтындарын білдіретін үш жақты меморандумға қол қойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар