"Құран өртеу ісі бойынша сотқа жүгінеміз"

Али Ербаш Анкарада баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

1936628
"Құран өртеу ісі бойынша сотқа жүгінеміз"

Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Құран Кәрімнің өртелуіне байланысты «Біз 120 елдегі Президенттік атташелері мен кеңесшілерінің жетекшілігімен сотқа жүгіну түрінде акция бастаймыз» деді.

Али Ербаш Анкарада баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«Исламофобияға қарсы шақырулар бола ма?» деген сұраққа жауап берген Ербаш Еуропадағы зиялыларға үндеу жасайтындарын айтты.

Ербаш "Біз әртүрлі сала өкілдеріне хат жолдаймыз. Бұл істі бастадық. Сәрсенбі күні Ислам Ынтымақтастығы Ұйымымен онлайн кездесуді жоспарлап отырмыз. Бұл жерде біз тек Құранды өртеу шабуылына ғана емес, сонымен бірге Еуропа елдеріндегі кейбір исламофобиялық шабуылдарға қарсы өз реакциямызды бірге көрсетуге тырысамыз” деді.

Дін істері басқармасы төрағасы Швецияда Құранды өртеу әрекеті бойынша «Сотқа бересіздер ме? деген сұраққа жауап бере отырып, «Кеше бөлімшелердің бастықтарымен және вице-президенттермен өте маңызды кездесу болды. Сол кездесуде біз айтқан тақырыптардың бірі – сотқа жүгіну түріндегі іс-әрекетіміз, әсіресе біздің президенттік кеңестің басшылығымен бірге осы ақцияны жүргізейін деп отырмыз.  Біз мұндай шабуылдарға қарсы ұстанымымызды білдіретін боламыз» деді.

Данияның әсіре оңшыл «Страм Курс» партиясы жетекшісі Расмус Палудан сенбі күні Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберді. Палуданды полиция қызметкерлері қорғап тұрды және оған ешкімнің жақындауына рұқсат бермеді.



Ұқсас жаңалықтар