Пентагон Түркия туралы пікір білдірді

«Түркия тек аймақта ғана емес, әлемде де маңызды серіктес» деді.

1934236
Пентагон Түркия туралы пікір білдірді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) баспасөз хатшысы бригада генералы Патрик Райдер «Түркия тек аймақта ғана емес, әлемде де маңызды серіктес» деді.

Патрик Райдер күнделікті баспасөз мәслихатында Түркияға F-16 сатылымына қатысты шешім туралы сұрақтарға жауап берді.

Осы сауданың екі елдің әскери қарым-қатынасында қаншалықты маңызды екендігі туралы сұраққа жауап берген Райдер шешімнің қаралу үшін Конгреске жіберілгенін айтты. Райдер "Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қарым-қатынасқа келетін болсақ, біз Түркияның маңызды серіктес және одақтас екенін әрқашан айтып келдік. Сондықтан осы қарым-қатынастарды нығайту және өзара қорғаныс қажеттіліктеріміздің орындалуын қамтамасыз ету үшін Түркия басшыларымен тығыз жұмыс істеуді жалғастырамыз” деді.

АҚШ әкімшілігінің «Түркияға F-16 ұшағын сатуды мақұлдауы  Грекияға F-35 ұшағын сату жоспарымен байланысты ма?» деген сұраққа Райдер бұл мәселелердің бір-бірінен тәуелсіз екенін айтты, ол АҚШ-тың екі елмен де қарым-қатынасы бар екенін атап көрсетті.

Конгрестің кейбір мүшелерінің Түркияға F-16 сатылымына қарсылық білдіргені еске салынып, бұл мәселеде Пентагонның конгреске ұсыныс жасап жасамағаны туралы сұраққа байланысты Райдер «Бұны Конгресс шешеді. Біз  оларға не істеу керектігін айта алмаймыз. Қайта-қайта айтқанымдай, Түркия мен АҚШ  - одақтас, Түркия тек аймақта ғана емес, әлемде де маңызды серіктес» деп жауап берді.

 



Ұқсас жаңалықтар