Азия Парламенттік Ассамблеясының отырысы басталды

Мұстафа Шентоп сөз сөйледі.

1930014
Азия Парламенттік Ассамблеясының отырысы басталды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі  төрағасы Мұстафа Шентоп терроризммен күресте халықаралық ынтымақтастық тақырыбына тоқталды.

Мұстафа Шентоп Анталияда басталған, 27 елдің парламенттік делегациялары қатысқан Азия Парламенттік Ассамблеясының (APA) 13-ші Бас ассамблея отырысында сөз сөйледі.

Шентоп терроризммен тиімді күресте принципті және табанды ұстанымның маңыздылығына тоқталды. «Терроризммен күресте көздеген нәтижелерге жету үшін халықаралық ынтымақтастық өте маңызды. Еліміз аймақтық және халықаралық деңгейде өз міндетін атқарып, барлық террор ұйымдарымен, әсіресе PKK/PYD/YPG, Фетуллахшы террор ұйымы (ФЕТО) және ДАИШ-пен бірдей табандылықпен күресіп отыр» деді Шентоп.

Шентоп қазіргі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) жүйесінің жұмыс істемейтін, ескірген және бәрінен бұрын әділетсіз екенін айтты. «БҰҰ-ның ізашарлары деп аталатындар және оның ережелерін қалыптастырғандар өздерін бұл ережелерден босатып отыр» деді ол.

Парламент спикері «Менің сізден, құрметті қонақтарымыздан тілерім, «Әлем бестен де үлкен» қағидасын қолдап, әділетті көпжақтылықты құруға болатынын түсіндірсеңіз” деді.

APA-ның бас хатшысы Мохаммад Реза Маджиди де “Түркия АПА-ның барлық мүшелерімен ынтымақтастықта, парламенттік дипломатияның дамуына үлкен үлес қосты” деді.

Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Гафарова да Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің АПА үшін үлкен күш-жігер жұмсағанын және көпжақтылықта барлығына үлгі болғанын білдірді.

Көптеген маңызды тақырып талқыланатын жалпы жиналыс ертең Анталия декларациясының қабылдануымен аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар