Прайс Түркияның соғысты тоқтатудағы рөлін атап өтті

Нед Прайс «Біз Түркияның Ресей-Украина соғысын тоқтатуға тырысқан сындарлы рөлін жоғары бағалаймыз» деді.

1928897
Прайс Түркияның соғысты тоқтатудағы рөлін атап өтті

Америка Құрама Штаттары Ресей-Украина соғысының аяқталуындағы сындарлы рөлін жоғары бағалайтындарын және Түркияның екі елмен қарым-қатынастарын бейбітшілік үміті үшін пайдаланғанын білдірді.

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Нед Прайс күнделікті баспасөз мәслихатында Ресейдің Украинада атысты тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін Түркияның бұл бағыттағы талпыныстары туралы сұрақтарға жауап берді.

Нед Прайс «Біз Түркияның осы аяусыз соғысты тоқтатуға тырысқан сындарлы рөлін жоғары бағалаймыз. Түркияның Украинаның аумақтық тұтастығына табандылық танытып, Украина мен Ресей арасындағы диалогты арттыруға бағытталған талпыныстарын бағалаймыз» деген сөздер қолданды.

Анкараның соғыс басталғаннан бері «конструктивті ойыншы» болғанын атап өткен Прайс «Түркия сындарлы ойыншы болды. Түркия диалог пен мағыналы дипломатияны дамытуға тырысты» деп көрсетті.

Нед Прайс Президент Режеп Тайып Ердоғанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерреш ұйымдастырған Қаратеңіз астық бастамасындағы рөліне, сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен атысты тоқтату мәселесі бойынша сөйлескеніне назар аударды.

Прайс сөзін былай жалғастырды: «Бұл механизм (Астық бастамасы) Түркияның рөлі болмаса жүзеге асырылуы қиын еді.  Қорыта айтқанда бұл механизм әлемнің ең мұқтаж елдерге тонналап астықпен қамтамасыз ететін механизм болып табылады».



Ұқсас жаңалықтар