Президент шекарадағы әскерлерді Жаңа жылмен құттықтады

Президент Ердоған шекара желісіндегі әскерлерге телефон арқылы үн қатты.

1926161
Президент шекарадағы әскерлерді Жаңа жылмен құттықтады
erdogan tendurek jandarma yeni yil.jpg
hulusi akar.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен телефон арқылы сөйлесіп, шекара желісіндегі десанттарға үн қатты.

Министр Акар Диярбакырдағы байланыстарының артынан Бас штаб басқармасының төрағасы генерал Яшар Гүлер және Түрік Қарулы күштері (ТҚК) қолбасшыларымен Килиске барды.

Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы операциялар басқарылатын шекара желісіндегі штаб пәтерге барған Акар басшылық жасаған ТҚК қолбасшылары әскерлермен бас қосты.

Акар мен қолбасшылар жылдың соңғы кешкі асын әскерлермен ішті. жеді. Президент Ердоған Ұлттық Қорғаныс министрі Акармен телефон арқылы әңгімелескен соң шекара желісіндегі десанттарға үн қатты.

Әскерлерге жылдың соңғы сәттерінде үн қатқан Президент Ердоған «2023 жылы еліміз бен ұлтымыз үшін бұдан да жақсы болашақтың жаршысы болады деп ойлаймын. Шекара бойындағы күресіңізбен ұлтымыз және еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Баршаңызды осы мағыналы түнде шын жүректен құттықтаймын. Түніміз берекелі, болашағымыз жарқын болсын. 2023 жыл еліміз әлемнің алпауыттарынан бріне айналсын» деді.

Президент Ердоған телефон арқылы айтқан сөзінде Иран шекарасындағы Тендүрек модульдік база аймағында қызмет атқаратын жандармерияларға үн қатып, Жаңа жылмен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар