Мәскеуде үштік кездесу

Кездесуде Сирия дағдарысы, босқындар мәселесі және Сириядағы барлық террористік ұйымдармен күресу үшін бірлескен күш-жігер талқыланды.

1925040
Мәскеуде үштік кездесу

Түркия-Ресей-Сирия қорғаныс министрлері мен барлау басшылары Ресейдің астанасы Мәскеуде бас қосты.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ұлттық барлау ұйымы  басшысы Хакан Фиданмен бірге Мәскеуге барды.

Акар мен Фидан Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу және Сирия Қорғаныс министрі Али Махмуд Аббас және екі елдің барлау басшыларымен кездесті.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда кездесуде Сирия дағдарысы, босқындар мәселесі және Сириядағы барлық террористік ұйымдармен күресу үшін бірлескен күш-жігер талқыланды.

Басшылар кездесу нәтижесінде Сирияда және жалпы аймақта тұрақтылықты қамтамасыз ету және сақтау үшін үшжақты форматтағы кездесулерді жалғастыруға уағдаласты.



Ұқсас жаңалықтар