"Түркияның технологиясын алғысы келеді"

Президент Ердоған жастармен кездесті.

1923457
"Түркияның технологиясын алғысы келеді"
erdogan erzurum.jpg
erdogan erzurum.jpg
erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған батыс елдері, соның ішінде Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Түркияның қорғаныс өнеркәсібі технологиясын алуға ұмтылып жатқанын айтты.

Президент Ердоған Эрзурумда жастармен кездесті.

Түрік өнеркәсібінің мақтанышы болған отандық электр көлігі «TOGG» өндірісінің жалғасып жатқанын атап көрсеткен Ердоған «Бұйырса бірнеше айдан кейін жолдарымызда «TOGG»  көлігінің қара түсін де көре бастаймыз» деді.

Ердоған «Сонымен қатар біз еліміздің әскери-теңіз күштері бұрын-соңды көрмеген ең үлкен әскери кеме болатын «Анадолу» кемесін келесі жылы пайдалануға береміз. Тағы да келесі жылы біздің «Kızılelma» жауынгерлік ұшқышсыз жойғыш ұшағымыздың жаппай өндірісі басталады» деді.

Дизайн, өндіру, құрастыру, бағдарламалық қамтамасыз ету және сынақтары толығымен отандық қондырғылармен жасалған «IMECE» жер серігі мен Türksat 6A ғарышқа ұшыратындарын атап көрсеткен Ердоған «Осылайша біздің ғарыштағы жерсерігіміздің жалпы саны 10-ға жетеді. 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қаратеңізде табылған 540 миллиард текше метр табиғи газды да үйлерімізде пайдалана бастаймыз» деді.

Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде бір серпіліс жасағанын және осы серпіліс арқылы бүкіл назардың Түркияға ауғанын атап көрсеткен президент АҚШ секілді батыс елдерінің Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі технологиясын алуға ұмтылып жатқанын көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар