Шентоп Солтүстік Македонияда

Мәжіліс төрағасы Солтүстік Македония премьер-министрі Димитар Ковачевскимен кездесті.

1921565
Шентоп Солтүстік Македонияда

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп ресми сапар аясында Солтүстік Македонияның бас қаласы Скопьеге барды.

Мұстафа Шентоп кеше Солтүстік Македониялық әріптесі Талат Каферимен бас қосты.

Мәжіліс төрағасы Солтүстік Македонияда жұмыстарын жалғастырған Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) құрылымдарына назар аударды.

Шентоп FETÖ-нің Түркияның ұлттық қауіпсіздігі үшін ғана емес, Солтүстік Македонияның ұлттық қауіпсіздігі үшін де маңызды қауіп екенін еске салды.

Мұстафа Шентоп кездесулері аясында Солтүстік Македония премьер-министрі Димитар Ковачевскимен де кездесті.

 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Скопье Халықаралық Маариф мектептерінің ашылуына қатысты.

Шентоп осында айтқан сөзінде Түркияның көптеген елде сапалы білім беру мүмкіндіктерін ұсыну арқылы білім беру мүмкіндігіне үлес қосқанын айтты.

Мұстафа Шентоп түрік тілінде білім беретін Тефейюз бастауыш мектебін және Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) қалпына келтірген Сұлтан Мұрат мешітін де аралады.

Шентоп басшылық жасаған делегация Скопьеде «21 желтоқсан Түрік тілі мерекесіне» орай өтетін бағдарламаға қатысады.



Ұқсас жаңалықтар