Алтун «Түрік әлемі жаңа буын медиа семинарына» хабарлама жолдады

Алтун Түркияның жаһандық жалған ақпарат пен цифрлық терроризміне қарсы күресетінін білдірді.

1921915
Алтун «Түрік әлемі жаңа буын медиа семинарына» хабарлама жолдады

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның жаһандық жалған ақпарат пен цифрлық терроризмге қарсы қабылданатын барлық шараға үлес қосатынын айтты.

Алтун Бурсада өткен «Түрік әлемі жаңа буын медиа семинарына» бейне хабарлама жолдады.

Жалған ақпарат тарату, жала жабу науқандары мен зиянды әрекеттердің кең етек жаюы мүмкін жаңа буын ақпарат құралдарының әрқашан және тек шындық үшін күресу керектігін атап көрсеткен Алтун «Түркиядан бастап әсіресе Түрік әлемінің мүше елдері дезинформация сияқты деструктивті әрекеттерге ең көп ұшырайтын елдер қатарында алғашқы орындарда келеді» деді.

Алтун жаңа цифрлық дәуірдің мүмкіндіктерін пайдалану және ортақ көзқарас, ортақ миссия, ортақ тіл және ортақ іс төңірегінде түрік әлемі бірігу арқылы қауіптермен күресу үшін мықты ынтымақтастық пен серіктестіктерді дамыту керектігін айтты.

Алтун Түркияның жаһандық жалған ақпарат пен цифрлық терроризміне қарсы күресте барлық сақтық шараларына үлес қосатынын айтты.

Түркияның халық дипломатиясынан қоғаммен байланыстарға, жалған ақпаратпен күресуден дағдарысты басқаруға дейін ауқымды  және мықты байланыс үлгісі бар екеніне назар аударған Алтун «Біз ‘Түркия коммуникация моделін’ бауырлас елдерімізге, түркі әлемінің ауқымына жеткізе алатынымызға сенеміз» деді.

Коммуникация басқармасы төрағасы сондай-ақ «Түрік әлемінің жаңа буын медиа семинарының» өте құнды қадам екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар