Түрік полициясы Катарда өте керемет міндет атқарды

Түрік полициясы Катарда өткен 2022 футболдан әлем чемпионатында міндетін сәтті аяқтады.

1920822
Түрік полициясы Катарда өте керемет міндет атқарды
Turk polisi katar2.jpg
Turk polisi katar1.jpg
Turk polisi katar.jpg

Түрік полициясы Катарда өткен 2022 футболдан әлем чемпионатында міндетін сәтті аяқтады.

Қауіпсіздік бас басқармасы әлем чемпионатында  спорт қауіпсіздігіне маманданған 2242 қызметкердің 64 жарыстың барлығында  міндет атқарғанын мәлімдеді.

Шамамен төрт жыл бұрын басталған дайындық жұмыстарынан кейін қазан айының басында Түрік полициясының жұмыс тобы Катарға барып, катарлық әріптестерімен және басқа елдердің қауіпсіздік күштерімен үйлестіре жұмыс істей бастаған еді.

Жасалған профилактикалық және тосқауылдық қауіпсіздік шараларының арқасында өткен футбол чемпионатында келеңсіз жағдай болған жоқ.

Түрік полициясы өзінің тәртібі мен тәжірибесі арқылы барлық элементтерімен үлкен табыстарға қол жеткізді.  Әсіресе Катар билігінің ризашылығына ие болды.



Ұқсас жаңалықтар