Президент «Иновалиг чемпиондарын» марапаттау рәсіміне қатысты

Ердоған ел көлемінде мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге жеткізуді жоспарлағандарын білдірді.

1917789
Президент «Иновалиг чемпиондарын» марапаттау рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған алдағы жылы ел көлемінде мұнай өндіруді тәулігіне 100 мың баррельге жеткізуді жоспарлағандарын айтты.

Президент Ердоған Стамбулда өткен Түркия Инновация апталығының «Иновалиг чемпиондарын» марапаттау рәсімінде үн қатты.

Президент Ердоған «20 жыл бұрын қорғаныс өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпорын саны 56 болса, бүгін сол салада 1600-ден астам кәсіпорын бар. Жалпы сомасы 248 миллион долларлық қорғаныс өнеркәсібі экспорттай алатын болсақ, биыл бұл көрсеткіш иншалла 4 миллиард доллардан асады деп ойлаймын» деді.

Түркияны НАТО одақтастарына жоғары технология өнімдерін сататын елге айналдырғандарын атап көрсеткен Ердоған тендері әлі жалғасып жатқан жобалармен қорғаныс өнеркәсібі жобаларының бюджетін шамамен 5,5 миллиард доллардан 75 миллиард долларға көтергендерін мәлімдеді.

Президент Ердоған алдағы жылы отандық мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге жеткізуді жоспарлағандарын атап көрсетті.

Президент бірнеше айдан кейін Түркияның және түрік өнеркәсібінің мақтанышы болатын отандық электромобиль көілігі «TOGG»-ты жолдарда көре бастайтындарын білдірді.

Президент Ердоған «Еуропа мен АҚШ-қа қоса бүкіл әлемнің ең үлкен қиындығы болып табылатын өмір салтының қымбатшылығы мәселесін кезең-кезеңімен шешіп жатырмыз» деді.

Президент «Түркияны әлемнің үздік 10 экономикасының қатарына қосқанға дейін күресімізді табандылықпен жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар