Ердоған жастармен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған жастардың білімі, ой-өресі  және өзіне деген сенімі Түркия ғасырының ең үлкен кепілі екенін айтты.

1914521
Ердоған жастармен кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Шанлыурфаның Халилие ауданында ұйымдастырылған «Жастар кездесулері» бағдарламасына қатысты.

Бағдарламаның ашылуында сөз сөйлеген Ердоған барған қалалардың барлығында дерлік жастармен кездесуге ерекше мән беретіндерін атап көрсетті.

«Мен болашағымызды сеніп тапсыратын жастарымыздың әлемге, елімізге, бізге, өз өмірлеріне деген терең ойларын көргеніме өте қуаныштымы»  деген  Ердоған «Біз әлемге емес, әлем Түркияға қарасын» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған «Жастарымыздың білімі, ой-өресі және өзіне деген сенімділігі – Түркия ғасырының ең үлкен кепілі» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар