НАТО елдері Түркиямен ынтымақтастық жасайды

НАТО елдері терроризмге қарсы Түркиямен ынтымақтастық жасайды.

1912628
НАТО елдері Түркиямен ынтымақтастық жасайды

НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысының мәлімдемесінде терроризмге қарсы Түркиямен ынтымақтастық хаттамасы жасалды.

НАТО елдері лаңкестіктің барлық түрі мен көрінісін айыптап, соңғы лаңкестік әрекеттерден кейін Түркиямен ынтымақтастығын білдірді.

Румынияның астанасы Бухарестте өткен НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысының бірінші күнінде жарияланған мәлімдемеде 24 ақпаннан бері Ресеймен соғысып жатқан Украинаға қолдау көрсетілуімен қатар бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның шабуылдарынан кейін Түркиямен ынтымақтастық жасау жайлы хаттама жасалды.  

Хаттамада НАТО-ның барлық одақтастарды қорғайтыны баяндалды.

Хаттамада  «Терроризмнің барлық түрі мен көрінісін айыптаймыз және Түркиямен ынтымақтастық жасаймыз» деген сөздерге орын берілді.



Ұқсас жаңалықтар